Өскеменде аурухана терезесінен секіріп кеткен науқас көз жұмды

261
көрілім
Фото: ura.news сайтынан

1967 жылы туған ер адам алған жарақаттарынан сол жерде тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оқиға бүгін төртінші қалалық ауруханада болған.
- Ер адам психомоторлы қозу кезінде алтыншы қабаттан секіріп кетті. Жанында жүрген аурухана медбикесі оны ұстап қала алмады. Алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан.
Ведомство мәліметінше, ер адам осыған дейін тыныс алу жолдарының ауруымен жансақтау бөліміне түскен.
- Медициналық қызметкерлердің атқарған жұмысында ешқандай заңбұзушылық анықталмады. Психолог пациенттермен және медицина қызметкерлерімен жұмыс істеуде. Құқық қорғау органдарды барлық мән-жайды анықтауда,- деді басқармадағылар