220-дан астам оқушы ауыл-аймақтан іріктеліп, IQanat олимпиадасының II кезеңінде бақ сынасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сайыс Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да ұйымдастырылды. Анықталғандай, өңірдегі ауылдық мектептерден 226 бала облыстық деңгейге өткен. Жалпы, еліміздің барлық өңірінен 10 мыңнан астам оқушы күш салды. Оның ішінде, олардың 70%-ға жуығы жағдайы төмен, 90%-дан астамы көпбалалы отбасылардан шыққан.
Бұл кезеңде додаға қатысушылар математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және география секілді пәндер бойынша тестілеуден өттеді.
- Шешуші сайысқа республика шеңберінде 1000 оқушы қатысады. Үздіктердің бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пенсионатына тегін оқуға мүмкіндік алса, екінші бөлігі Олимпиададан кейінгі үшжылдық тегін қолдауға қабылданады, - деді ұйымдастырушылар.
IQanat – 150-ден астам қазақстандық кәсіпкер қолдайтын жоба. Қазір бұл платформаның түлектері әлемнің 15 елінде оқып жатыр.
- Ауылдағы дарынды балалардың басын қосатын бұл жоба үлкен мүмкіндік пен жарқын болашақ сыйлайтыны сөзсіз, - делінген мәліметте.
Валентина ГЕОРГИЕВНА