№8а бағытындағы автобус тиімсіз деп танылып, бағыты тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- №8а бағытындағы автобус 2007 жылы жұмысын бастаған. Сол кездің өзінде бұл мекеме үшін және басқа бағыттағы автобустар үшін тиімсіз болды, - деп түсіндірді «Вебас»ЖШС өндіріс жөніндегі директордың орынбасары. - Бірақ уақыт өте келе экономикалық жағдай күрделене түсті, сондықтан біз бұдан әрі бұл бағытта қызмет ете алмаймыз, әйтпесе шығынға ұшырауымыз мүмкін. №8а автобусымен Өскемен возалынан «Казцинкке» таңертең және кешке шамамен 15 адам кетеді, бірақ күндізгі уақыттары толығымен бос жүреді.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін №8 маршруттың бағыты өзгертілді, енді ол «Казцинк» аялдамасы арқылы өтеді.
- Біз бағытқа №8 автобусты қостық. Демалыс күндері 8а автобусы рейске шықпайтын. Енді «Тәжірибе алаңы» мен Защита ауданының тұрғындары демалыс күндері де қатынай алады. Автобусты күту уақыты 25 минуттан 13 минутқа дейін қысқарады, - деді өз сөзінде «Вебас» ЖШС директорының орынбасары.