Өскеменде автобус әйел адамды қағып кетті

376
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін таңғы сағат 8:50 шамасында «Ивушка» аумағында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жастағы әйел адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, «Ивушка» сауда үйі жағынан келе жатқан қоғамдық көліктің 46 жастағы жүргізушісі айналмалы реттелмейтін жаяу жүргінші өтетін жолдағы әйел адамды қағып кеткен. Түрлі жарақат алған қала тұрғыны 1-ші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Тиісті сараптамалар бекітілді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.