Өскеменде автобус қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

321
көрілім
Фото: news.sb.by сайтынан

Өскемен қаласында автобус қағып кеткен жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 28 қараша күні таңертең болған. Абай даңғылындағы аялдамада маршруттық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан ол сол жерде көз жұмды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.