Өскеменде автобус қағып өткен әйел оқиға орнында көз жұмды

1325
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Қайғылы жағдай бүгін Карбышев көшесінде болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең сағат 09:00 шамасында тіркелді.
- №33 автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған ауыр жарақаттар салдарынан тұрғын оқиға орнында жан тапсырды. Жол апаты болған жерде полиция департаментінің тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, - делінген ШҚО ПД ұсынған мәліметте.
"Voska" ЖШС қарамағындағы автобустың тұрғынды қалай қағып кеткені әзірге белгісіз.