Өскеменде автобус мәселесі әлі шешілмей жатыр

324
көрілім

Жолаушылар тасымалын басқару орталығының өкілдері шаһардағы қоғамдық көлік мәселелері наурыз айында шешіледі деп уәде бергендерімен автобус тапшылығы әлі байқалуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуырда қала әкімі Жақсылық Омар тұрғындарға есеп берді. Жиынға қатысқан өскемендіктер қоғамдық көлік мәселесіне шағымданды.
– Қаладағы  № 27, 46 автобустар өте сирек жүреді. Таңертеңгі жетіден тоғызға дейін бұл автобустарды көре алмаймыз, діттеген жерге баруымыз қиындап кетті, – дейді Буров көшесінің тұрғыны.
Бұдан бөлек № 7, 10, 47 қоғамдық көліктеріне де шағымдар аз айтылмады.
Қала әкімі бұл мәселесінің тоңы әлі жібімей тұрғанын, оны шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын алға тартты.
– Жуырда жаңа мердігерлерді анықтау бойынша тендер өтті. Ол наурыздың бірі күні  аяқталып, төрті күні қортындыланды. Бірақ бәсекелестік үшін тағы да компаниялар қажет, сол үшін қайта қолға аламыз. Кейін тасымалдаушыны  таңдап, шарт жасасқан соң  өз жұмыстарына кіріседі деп сенемін, – деді Жақсылық Омар.
Тасымалдаушы компания өкілдерінің айтуынша, автобус мәселелерінің бастысы – жүргізушілер мен кондукторлардың жетіспеушілігінен.