Жол-көлік оқиғасы болған сәтте қоғамдық көлікте жолаушылар болған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Оқиға 24 желтоқсан күні Нұрмағамбетов-Чехов көшелерінің қиылысында орын алған.
Өскемен қалалық Полиция басқарамасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, №44 автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай трамвай рельстерінің жолағына шығып кеткен.
- Автобуста 10 жолаушы болған, зардап шеккендер болған жоқ, - делінген хабарламада. - Кінәлі жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.