Облыс орталығындағы көшелердің бірінде бейнебақылау камерасы қоғамдық көлік жүргізушісінің қарсы қозғалыстағы жолға шығып кеткенін тіркеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
15 мамыр күні № 55 бағыттағы автобус жүргізушісі Назарбаев даңғылында қарсы қозғалыстағы жолға шығып кетіп, жол ережесін бұзғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
- 33 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісінің жол қозғалысын өрескел бұзуына байланысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол ережесін бұзған жүргізуші алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.