Өскеменде автобустағы жолаушының арқасында қалта ұрысы қолға түсті

392
көрілім

Полиция басқармасы қалта ұрысын ұстауға көмектескен әйел адамды марапаттады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 12 ақпан күні Кристина өзінің құрбысымен қоғамдық көлікке мінеді. Автобуста отырған жолаушы Кристинаның сөмкесіне ер адам бір зат алғанын байқап қызға айтады. Сол сәтте Кристина өзінің әминаны жоқ екенін байқайды, - деп жазды Өскемен қалалық Полиция басқрамасының бастыны Даур Ибраев Instagram парақшасында.

Бұл уақытта ұры автобустан түсіп үлгерген. Алайда Кристина мен құрбысы оны қуып жетіп, полицияға хабар береді. Белгілі болғандай ол 55 жастағы қала тұрғыны, осы уақытқа дейін бірнеше рет істі болған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліуде.