Өскеменде автоЦОН ғимаратының ашылуы кейінге шегерілді

318
көрілім

Жүргізушілерге мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған ХҚКО таяу күндері жұмысын бастамақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Ғимарат азаматтарды қабылдауға толығымен дайын. Тек электрондық жүйенің жұмысын сапалы түрде ретке келтіріп, орнатпақпыз. Ұзын-сонар кезектің болмауы үшін амалдарды жасаудамыз, – деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО филиалының баспасөз қызметі.

Ескерте кетейік, бұған дейін арнайы ХҚКО-ның ашылу төртінші қарашаға жоспарланған еді. Аталған нысан Абай даңғылы 203/3 мекенжайында орналасқан.