Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, аялдамаларды жөндеу жұмыстары күн жылынған мезгілде басталады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Облыс орталығының тұрғындары қала көшелеріндегі кейбір аялдамалардың жағдайына наразы.
- Әсіресе қызғылт сары аялдамалардың кейбірінің орындығы жоқ болса, басқаларының әйнектері сынып жатыр, – дейді қала тұрғындары.
Жақында «Торгодежда» аялдамасы қатты жел салдарынан құлап қалған. Оған қоса бірнеше күн бойы оны ешкім келіп жөндемеген.
- Егер аялдама павильондарына бұзақылықпен әдейі зақым келтірілген болса, «Жаңа Согра» КМК полицияға арызданады. Қала көшелелеріндегі аялдамаларды жөндеу ағымдағы жылдың көктем-жаз маусымына жоспарлануда, – дейді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері.