Облыс орталығында ауа температурасының төмендеуіне байланысты мектептерде сабақ тоқтады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
-Бүгін Өскемен қаласында ауа температурасы минус 31 градусқа төмендеуіне және желдің жылдамдығы 2 м\с болуына байланысты 1-11 сыныптар аралығында бірінші ауысым сабақтары тоқтатылды, - деп хабарлады білім басқармасынан.
Алтай ауданында термометр бағаны минус 34 градусты көрсетті. 1-11 оқушылары сабаққа бармайды. Семей қаласында минус 27 градус және желдің жылдамдығы 2 м/с болуына байланысты 1-9 аралығында оқушылар үшін сабақ тоқтатылды.