Өскеменде аймақтық «Сарбаз болғым келеді» акциясы өткізілді

865
көрілім

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастар қанатының  Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында «Сарбаз болғым келеді» акциясы ұйымдастырылды.  
Шараның мақсаты оқушылар арасында елге деген сүйіспеншілікті арттып, отан алдында борышын өтеудің қажеттілігін түсіндіру. Акцияның бағдарламасы аясында Семей қаласы мектептерінің 100-ге жуық оқушысы гарнизондық офицерлер үйінде әскери қызметкерлердің бір күндік өмірімен танысып, сонымен қатар экскурсия жүргізілді.


Ойын ережесіне сәйкес ұлдар 3000 метр және қыздар 1000 метрге жүгіріп, 50 метрлік қашықтыққа жүзді. Шара барысында Жастар қанатының Семей қалалық бөлімшесінің жетекшісі Темірлан Бақтияров акция маңызына тоқталды.

- Осы елде дүниеге келген, топырағын басып, ауасын жұтып жүрген кез келген азамат қасық қаны қалғанша еліне қызмет ету керек. Қазіргі таңда отан алдында борышын өтеуден жалтарып жүрген қаншама жас бар. Осындай жағдайлар болмас үшін осы бастан мектеп табалдырығын отанға деген махабаттың не екенін, патриоттықтың қаншалықты маңызды екенін түсіндіруіміз керек. Бүгінгі шараның маңызды тұсы әскери өмірдің тыныс тіршілігімен таныстыра отыра жастарды бесенді болуға тартып, қызығушылығын ояту! - деді.
Акцияға қатысушы Әділ Арнұрұлының айтуынша, бүгінгі шарада көптеген қызықты ақпараттар айтылып, қару жарақтарды таныстырды.

- Өте қызықты болды деп санаймын. Отан алдындағы борышымды өтеуге дайынмын, - деді ол.
Шараға қатысушылар көптеген ақпаратпен толығып қайтты.