Өскеменде азық-түлік қоры жеткілікті – әкімдік

457
көрілім

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар шаһарда азық-түлік қорының жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соңғы күндері қала тұрғындары жаппай азық-түлік сатып алуда. Дүйім жұрт тауарлардың жетпей қалатындығына және бағаның қымбаттап кететіндігі алаңдаулы. Осы орайда, қала әкімі халықты сабырға шақырды.
- Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Аймұқашевтың төрағалық етуімен бұл мәселеге орай жиын өтті. Оған қаладағы барлық сауда орталықтары мен базарлардың басшылары қатысқан. Жиын барысында азық-түлік қорының жеткілікті және бағаның тұрақты екендігі айтылды. Сондықтан тұрғындарды даурықпауға шақырамын, - дейді Жақсылық Мұқашұлы.