Қалалық Төтенше жағдай басқармасындағылар наурыз айының 30-ы күні Ватутин көшесінде өрт болғанын жеткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шамамен сағат 14:30 кезінде әлі құрылысы бітпеген азық-түлік дүкенінің шатыры өртенді. Қызыл жалын жалпы аумағы 15 шаршы метр жерді шарпыған, – дейді қалалық ТЖ басқармасында. – Оқиға отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан болды деген болжам бар.