Өскеменде балаға қазақ тілін үйрету жөнінде ата-аналарға арналған тренинг өтті

420
көрілім

Өскемендегі О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада балаға қазақ тілін үйрету жөнінде ата-аналарға арналған тренинг өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кітапханада өткен шараға «Арман» балабақшасының ата аналары қатысты. Әуелде олар руханият ошағындағы балаларды дамытатын арнайы үйірмелермен және заманауи технологиялармен танысты.

Содан кейін ата-аналарға балаға қазақ тілін үйрету жөнінде тренинг өткізілді. Баяндама жасап, сұрақтарға жауап берген – №11 «Айгөлек» балабақша-бөбекжайының директоры, қазақ тілі педагогы Меруерт Ахмадиева.

- Қазір тіпті қазақ отбасының өзінде бала тілі орысша шығып жатыр. Ол интернеттен түрлі мультфильмдерді көретіндіктен солай болуда. Сондықтан балаға көңіл бөліп, қазақ тілін үйретудің маңызы зор, - дейді ол.

Меруерт Ахмадиева өз баяндамасында балалармен қазақша сөйлескенде әр дыбысты дұрыс айту қажеттігін,  жеңіл сұрақтар қойып, қазақ тілді мультфильмдер көру керектігін жеткізді. Сондай-ақ бала үйренген жаңа сөздерлі жиі қолданған дұрыс. Шара соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды