Өскеменде баланы көлік қағып кетті

253
көрілім
Фото:www.shatura.ru сайтынан

Оқыс оқиға 21 қараша күні Буров көшесіндегі емхана маңында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Lada Granta көлігінің 55 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелеттік жасқа толмаған балаға жол бермей, қағып кетті. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері баланың қазіргі жағдайын нақтыламады. Ал оқиға куәгерлері балаға медициналық көмек көрсетілуі керектігін айтуда.