ШҚО прокуратурасы Өскемен қаласында жасалатын қылмыстарға талдау жүргізіп, ұрлықтар санының өскенін анықтады. Көбінесе, ұрылар адамдардан смартфондарын қоңырау шалу үшін сұрап алып, қашып кететін көрінеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құзырлы органның баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, ШҚО прокуратурасы Өскемен қаласындағы криминогендік ахуалын ерекше назарда ұстайды, 2017 жылдың бірінші тоқсанында 2016 жылдың осы тектес мерзімімен салыстырғанда қылмыстардың азаюына қарамастан, (бұзушылықтардың саны 18 пайызға азайған) қалада ұрлық саны артқан. Қылмыстардың 60 пайызы – ұрлық. Көбінесе, ұрылар көшеде жүргіншілерден жедел қоңырау шалу үшін смартфондарын сұрап алып, қашып кетеді. Қымбат телефондарды қоғамдық көліктерде, ойын-сауық жерлері мен кафелерде де жиі ұрлайды.
Қылмыстың құрбандары өз үйлеріне бөтен адамдарды кіргізген соң, кейіннен қымбат заттарының жоғалғанына көздері жетеді.
– Көп жағдайда ұрылар Интернеттегі және әлеуметті желілердегі жарналамаларды, электронды сауда алаңшаларын да пайдаланады. Олар қымбат смартфонды өз бағасынан арзанырақ сатамыз деп жарнама орналастырады. Сатып алушыға кепіл түрінде 10-20 мың теңге кепіл ақы аударуын сұрайды. Кейін сатып алушы аталған соманы мобильді есепшотқа немесе электронды әмиянға аударған соң, сатушы іс-түссіз жоғалады. Кейде, клиенттер ойын қосымшасын жалға алып, заңды иесіне қайтармай қояды. Сондай-ақ, қылмыскерлер жоғары номиналды жалған ақшаға заттарды сатып алу оқиғалары да жиі тіркеледі, – деп хабарлайды ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Мейрамбек Қосажан