112 нөміріне ерекше қоңырау келіп түсті. Қала тұрғыны кеңірдегі кесілген итті тауып алғанын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
«Дворянин» жануарларды қорғау қорының төрайымы Лариса Прокопьеваның айтуынша, дүкен қызметкері Карбышев көшесінде тамағы терең кесілген итті байқаған. Ит қатты қансыраған соң куәгер 112-ге хабарласқан.
– Фортуна деп ат қойған итке қазір ота жасалуда. Оған есімді де кездейсоқ қоймадық. Егер жара тағы бес миллиметр терең болса онда құтқару мүмкін емес еді, – дейді Лариса Прокопьева.
Айта кетейік, бұл қалада болған алғашқы оқиға емес, осы жылдың қаңтар айында қала тұрғыны көшеде дәл осылай тамағы кесілген ортаазиялық төбетті байқап, аман алып қалған.