20 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасыда Наурызнаманың жетінші күніне арналған «Ұлттық спорт күні» аясында «Бестемше» Play-ринг мерекелік шараcы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатқаны белгілі. Ұлт ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі ретінде қалыптасқан.
Play-рингке қатысқан балалар "бестемше" зияткерлік ойынының шығу тарихын біліп, оны ойнауға тырысты. Олар екі немесе одан да көп ойыншыға арналған ойын ережелерімен таныстырылып, 10 ойнауға арналған және екі сақтау саңылауларынан тұратын арнайы тақтамен көрсетілді. Екі сақтау саңылауларына 26 допты жинау керектігі басты тапсырма екендігі түсіндірілді.
Ойынды кім бірінші аяқтаса сол жеңіске жетпек. "Бестемше" ойыны логикалық ойлауды, арифметикалық білімді және тапқырлықты дамытады. Бұл ойын түрі ұлттық ойын "Тоғызқұмалақтың" жеңілдетілген нұсқасы.
Бабаларымыздан қалған асыл қазына қазақтың ұлттық ойындары «Асық», «Қол күресі», «Ләңгі», «Арқан тартыс», «Тоғызқұмалақ», «Бестемше» сияқты қазақи спорт ойын түрлері ойнатылды.
Шарада аға-буын өкілдері кітапхана оқырмандарына білім жолына сәттілік тілеп, өз батасын берді. Тақырыпқа орай кітапхана қорындағы кітаптардан көрме ұйымдастырылып, оқырмандарға ұсынылды.