Өскемен қаласында қаңтар айында 30-ға жуық қалта ұрлығы тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда біршама өскен. Қалта ұрлығы көп жағдайда қоғамдық көліктерде орын алады. Әсіресе №12, 10, 42, 33 бағыттағы автобустарда жиі тіркелуде.
«Өткен айда полиция қызметкерлері бірнеше қалта қаққышты ұстады. Ұрылардың бірі № 42 автобуста жолаушының сөмкесінен 40 мың теңгені қолды қылса, тағы бірі әйел адамның қалтасындағы әмиянын жымқырған. Қазірде күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері
Полицейлер тұрғындарды адам көп шоғырланатын жерлерде барынша сақ болуға шақырады.