Өскеменде бір күнде бірнеше көлік иелерін тонап кеткен

462
көрілім

25 қыркүйек күні 34 жастағы әйел тәртіп сақшыларына шағымданған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Аулада тұрақта тұрған «Ваз 2115» маркалы көліктің радиаторын алып кеткен ұры көп ұзамай ұсталды. 30 жастағы еркек кінәсін толық мойындады.

Дәл осы күні 40 жастағы екінші ер адам полицейлердің қолына түсті. Ол бірнеше күн бұрын «Газель» көлігінен 10 000 теңге мен құжаттар салынған сөмкені алып кеткен.

Полиция қызметкерлері тұрғындардың аса сақ болуын өтінеді. Мамандардың айтуынша, көп жағдайда мұндай оқиғалардың алдын алу адамдардың өз қолында.