Өскеменде бірнеше автобус маршруттарының тағдыры қыл үстінде

406
көрілім

25 қараша күні бірнеше қалалық авто тасымалдаушылармен келісімшартты бұзу туралы сот шешімі қабылданды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Сот шешіміне сәйкес қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «АТЦ «БЭСТ» және «Vosca» ЖШС-мен келісімшартты бұзды. Тасымалдаушылар шағымдануға құқығы бар.

-Біз шағымданамыз ба, жоқ па, әлі шешкен жоқпыз, - дейді «ATЦ «БЭСТ» ЖШС директоры Елена Рядинских. - Қалай болғанда да, шешім күшіне енгенше автобустар маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдай береді.

«АТЦ «БЭСТ» ЖШС №43, 43а, 25, 25а және 417 қалалық маршуттарға, «Vosca» ЖШС - №33, 42, 12, 5, 71а, 67, 39 және 351 маршуттарға қызмет көрсетеді.

Бұған дейін қоғамдық көліктердегі жеңілдіктердің жойылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

«АТЦ «БЭСТ» ЖШС үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен, «Vosca» ЖШС 2019 жылдың 8 шілдесінен бастап 70 жастан асқан зейнеткерлер мен 7-15 жас аралығындағы балалар үшін жеңілдіктер беруден бас тартты. Кейін оқушыларға жеңілдіктерін қайтарып берді.