Өскеменде бірнеше мұз айдыны ашылады

411
көрілім

Облыс орталығының әкімдігі мұз айдындарының қандай кесте бойынша жұмыс істейтіндігін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

15 желтоқсан күні сағат 10.00-ден бастап қалада мұз айдындары өз жұмысын бастайды. Әкімдік ақпаратына сәйкес жұмыс кестесі төмендегідей:

«Алтай» стадионы

Дүйсенбі – сағат 13.00-ден 23.00-ге дейін;

Бейсенбі-жұма күндері – сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін;

Сенбі-жексенбі күндері – сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін.

«Самал» саябағы

Сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін.

Комсомол аралы

Сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін.

Согра шағын ауданындағы «Титан» стадионы қаңтар айында ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, 15 желтоқсан күні Сол Жағалаудағы саябақта керемет мұз айдынының ашылуы болады.