Өскеменде бопсалап, несие рәсімдегендер қолға түсті

1158
көрілім

Өскемен қалалық полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің тәртіп сақшылары бопсалап, өзгенің атына несие рәсімдегендерді ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 23 жастағы қала тұрғынын жүгініп, түс кезінде бейтаныс үш жігіт бопсалап, 30 000 теңге ақшасын күшпен алып кеткенін жеткізген.

– Жәбірленушінің қорқып тұрғанын пайдаланған олар шамамен 230 000 теңге тұратын смартфонға несие рәсімдеген. Ақпарат түскен бойда қалалық полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Осылайша, патрульдік және криминалдық полицейлер бірлесіп, көшелердегі бейнебақылау камераларының көмегімен 21, 22 және 19 жастағы қала тұрғындарын қолға түсірді. Күдіктілер жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған, – делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта қолға түскен үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194 - бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.