Жәрмеңке 25-шілде күні сағат 17:00-де қала орталығындағы «Арбат» демалыс алаңында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Шара жастарды, жұмыссыз азаматтарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем беру мақсатында өткізілмек, - дейді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ өңірдегі филиалының өкілдері.