Айыпталушы үйіне кіреберіс жолды жауып тастағаны үшін бөтеннің мүлкіне зақым келтірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға мамыр айында болған. Анықталғандай, қала тұрғыны біреудің темір тұлпарын кіреберіс жолды жапқаны үшін әдейі сырды.
Сот әйелді кінәлі деп танып, 51 688 теңге көлемінде айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне енді.
oskemende_boten_kolikti_syryp_ketken_eyel
49