Полицейлер екі сағаттың ішінде букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Полиция басқармасы жедел басқару орталығының «102» каналына 25-30 жас аралығындағы белгісіз ер адамның букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағаны туралы хабар түсті. Ер адам касса қызметкерін сынған бөтелкемен қорқытып, 350 000 теңге көлемінде ақшалай қаражатты ұрлап кеткен.
Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шұғыл жеткен. Қылмысты әшкерелеуге қаладағы және жақын аудандардағы барлық жедел құрылымдар тартылды. Соның нәтижесінде қысқа уақыттың ішінде күдікті анықталды.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыскер ұсталды. Ол 30 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 1-бөлігі «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәуір Ибраев.