Өскеменде бульвар айналымының құрылысы кейінге қалды

907
көрілім

ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметі бойынша, әзірге жоба жеткілікті түрде қаржыландырылған жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қаладағы бульвар айналымының құрылысы жайлы ақпарат алғаш рет 2019 жылы таралған болатын. Аталған жобаға сәйкес айналма жолға Мызы, Буров, Қабанбай батыр және Новаторов көшелері кіруі тиіс болған. Жаңа бульвар айналымы алаңында арнайы веложолдар, субұрқақ пен шағын сәулет нысандары салынады деп болжанған.
Осы жылдың қаңтар айында бульвар айналымы құрылысын ұйымдастыру мәселесі облыс әкімімен өткен жиында талқыланған. Сонда Даниал Ахметовтың жобаны қысқа мерзімде аяқтау күн тәртібінде тұрғандығын айтты.
– Бульвар айналымы құрылысының жобасы әзірге қаржылай қолдау таппады. Егер басталса, биыл аяқталмай қалуы да мүмкін, – деді бөлім басшысы Нұржан Жапбаров.