Өскеменде бұрынғы әйелінің телефонын тартып алған ер адам ұсталды

1207
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының басында Өскемен қалалық полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 28 жастағы қала тұрғыны хабарласып, ұялы телефон жоғалғандығына шағымданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Берілген мәліметке сәйкес шағым түсірген ер адамның бұрынғы жұбайы ҚР заңнамасына қайшы, бағасы 50 000 теңге тұратын ұялы телефонын тартып алып кеткендігі туралы өтініш білдірген. Оның себебін неке бұзу процессіне байланысты деп түсіндірді.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында кылмыстық полиция қызметкерлері жәбірленушінің 27 жастағы бұрынғы жұбайын анықтап, жауап алу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады, – делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 389-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.