«Nur Otan» партиясының Өскемен қалалық филиалы 1-ші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде ауысыммен жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне жемістер мен тәтті тағамдар жеткізуді ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
70-ке жуық дәрігер мен медбике үш апта бойы арнайы бөлінген жатаханаларда COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеуде.
Осы ретте түрлі дәрумендерге толы өнім түрлерін жеткізуде партияның белсенділері мен жақтастары қаржылай көмек көрсетті.
Мұндай қолдау жұқпалы аурулар бөлімшелері бар басқа ауруханалардың медицина қызметкерлеріне де көрсетілетін болады.