Өскеменде дөңгелек жөндеу шеберханасының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап кеткен

2065
көрілім
Шартты фотосурет

Таяуда Өскемен қалалық Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімшесінің «102» жедел арнасына 55 жастағы қала тұрғыны хабарласып, «Hyundai» маркалы автокөлігін ұрлап кетуі бойынша жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Берілген мәліметке сәйкес ақпан айының 17-сі күні қала аумағында орналасқан дөңгелек жөндеу шеберханасы қызметкерлерінің бірі оның «Hyundai» маркалы көлігін айдап кеткен.

Материалдық шығын 3 500 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде криминалдық полиция қызметкерлері өз кінәсін мойындаған 30 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді.

- Ұсталған ер адамды Қазақстан-Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында ҚРК ӘҚ 596-бабы 5-бөлігін (көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған не жоқ адам КҚ-ның жолдың жүру бөлігінде орналасу, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бұзғаны үшін патрульдік полиция жасақшысы тоқтатқаны анықталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Ұрланған көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200- бабы, 1- бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.