Өскеменде екі бозбала кейуананың өмірін сақтап қалды

385
көрілім

86 жастағы зейнеткер отқа оранған үйде қалып қойған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскемен қаласының ТЖБ мәлімдегендей, 24 қазан күні сағат 22.00-де Депутаттар көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққан. Алдын ала болжам бойынша құрылыс нысаны жанып, артынан көрші тұрған үйді шарпыған.

– Аталған көшеге таяу маңда өтіп бара жатқан 17-18 жас шамасындағы Алишер мен Денис Пичугин қалың түтінді көріп үйге жүгіріп кірген. Жалын шарпыған бөлмеден өжет екі бозбала кейуананы сыртқа алып шыққан, – деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

№5 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жалпы аумағы 190 шаршы метр өртті дер кезінде ауыздықтады. Оқиға себебі анықталуда.