Өскеменде екі әйел жер үйді тонап кеткен

335
көрілім

Өскемен қаласында алдын ала сөз байласқан 37 жастағы екі әйел жер үйді тонап кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақпан айының ортасында әйел адамдар есік құлпын бұзып жеке тұрғын үйге заңсыз енген. Олар қысқа толқынды пешті, кір жуғыш машинаны, 2 кілемді, ыдыс-аяқтар мен киім-кешектерді жымқырып, үй иесіне 300 мың теңгеге жуық материалдық залал келтірген.

- Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктілерді қолға түсірді. 37 жастағы екі әйел өз кінәларын мойындаған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексі 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ведомство мәліметінде.