Өскемен қаласындағы Мызы көшесінде екі трамвай соқтығысқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
13 ақпан күні бірінің артынан бірі келе жатқан № 1 және № 3 трамвайлар соқтығысып қалған.
- Екі қоғамдық көліктің бірі 1977 жылдан бері жүріп келеді. Әзірге апаттың не себепті орын алғаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп түсіндірді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка.