Өскеменде екі жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

753
көрілім

Аталған жағдайдан кейін бала Ана мен бала орталығына жеткізілген. Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға өткен жексенбіде Қабанбай батыр көшесіндегі үйлердің бірінде тіркелген. Полиция қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, төртінші қабаттан құлап кеткен баланың жасы екіде болған. Зардап шеккен бала Ана мен бала орталығына жеткізілгенімен, бала ауыр күйде жатыр.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 140-бабы, яғни «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуде міндеттемені орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтауда, – деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.