Өскеменде екі жыл ішінде төрт жатақхана салынады

297
көрілім

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысында студенттер үйін кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жол картасына сәйкес ШҚО-да барлығы 4608 орынға арналған 11 жатақхана салу жоспарланған. Алдағы жылы облыс орталығында оның төртеуі бой көтермек.

Студенттерге арналған бір жаңа ғимарат Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға беріледі. 500 орындық жатахананың жобасы толығымен дайын. Қазіргі уақытта университет әкімшілігі серіктестер іздеуде.

244 және 428 орындық студенттер үйі құрылыс колледжі мен медицина колледжі аумағынан ашылып, аталған оқу орындарына бермек.

 244 орынға арналған Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің жатақханасы Тихая көшесіндегі білім беру мекемесінен бір жарым шақырым жерде салынуы жоспарланған болатын. Бірақ құрылыстың Үлбі өзенінің су қорғау белдеуінде орналасуы керек екені белгілі болды.

- Біз жобаны қайта қарау туралы ШҚО әкіміне ресми хат жолдадық, - деп түсіндірді облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.