11-13 қыркүйек аралығында облыс орталығында «Борышкер» жедел алдын алу шаралары өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Заңнамаға сәйкес төлемеушілерге қатысты мәжбүрлі түрде іс жүргізу қозғалады. Көлік айыппұлын төлеуден жалтарған адамдардың материалдары сотқа беріледі, – деп хабарлады қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Төлемейтіндердің автомобильдері әкімшілік жаза толық көлемде өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылады.