Өскемен қаласында көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 ақпан күні Өскеменде көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен 1-2 колледж студенттеріне сабақ болмайды.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең облыстық Білім басқармасы Семей мен Өскеменде көктайғаққа байланысты 1 ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайтынын мәлім еткен.