Өскеменде экологтар ауада көп мөлшерде қорғасын тозаңы таралуына байланысты тексеріс жүргізеді

391
көрілім
Шартты фотосурет

Аталған шараның қолға алынуына «Қазгидромет» РГП ұсынған мәлімет себепкер болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының 10-ы күні облыс орталығындағы қорғасын-мырыш комбинатының металлургия кешені аумағының бірінде пештен балқытпа зат шығарылып, соның салдарынан көп мөлшерде бу бөлінген. Оқиға бірден бейнебақылауға түсіп, әп-сәтте әлеуметтік желіге тарап кетті.

– ШҚО Экология департаментінің мамандары атмосфералық ауаға тараған зиянды газ тәріздес заттар құрамын анықтауды қолға алды. Департаменттің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімі күкірт диоксиді, азот диоксиді, күкірт сутегі, формальдегид және басқаларының аккредитациялары, – деп хабарлады.

Сол күні «Қазгидромет» экологтарының сұраухаты бойынша, қорғасын құрамы да анықталды. Құзырлы мекемедегілер солтүстік өнеркәсіп торабының санитарлық-қорғау аймағы шекарасында өлшеп-анықтау жүргізілгенін жеткізді.

– Талдау қорғасын тозаңы бойынша максимальді бірреттік шектік рұқсат етілген концентрацияның 1,2 есе артқанын анықтады, – деп қосты мекемедегілер. – Алынған нәтижелер негізінде экологиялық заңнама нормаларын сақтау мәселесі бойынша "Қазмырыш" ЖШС жоспардан тыс тексеру тағайындады.