Өскеменде электронды билеттеу желтоқсаннан бастап іске қосылады

416
көрілім

Электронды билеттеуге арналған пилоттық жоба алдымен рельсті теміржол көлігінде, яғни трамвайларда жүзеге асады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Бұл ақпарат 13 қарашада өткен қоғамдық кеңес отырысында айтылды.
- Пилоттық жоба алдымен трамвай паркінен бастау алады. Желтоқсан айының басында әзірше 17 трамвайға орнатылмақ. Ал автобустарда 2020 жылдың тамыз-қыркүйек айларынан бастап іске қосылады. Бастамасында Москва немесе Новосибирскідегідей кондукторлар қолмен тексерген дұрыс. Солай қадағалауға әлдеқайда ыңғайлы болады,- деді Жолаушылар тасымалы орталығының директоры Олег Молодов.