Қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесін енгізу үшін қаңтар айынан бастап серверлер мен қондырғылар дайындалуда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесін енгізу уақыты бірнеше рет өзгеріп, алдағы көктем айына қалдырылған болатын. Арнайы жүйені ағымдағы жылдың соңына дейін Облыс орталығындағы барлық автобустар мен трамвайларға енгізу жоспарлануда.
Бұл шара «IBA-Қазақстан» ЖШС-мен мемлекеттік - жекеменшік серіктестік келісімі бойынша жүзеге асырылады.