Өскеменде Эльер Юнусметовтің өліміне қатысты сот үкімі шықты

187
көрілім
Фотосурет Sports.kz сайтынан

Кісі өлімі Қазақстан көшесіндегі аулалардың бірінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге салсақ, 13 қаңтарда Қазақстан көшесіндегі тұрғын үй ауласында белгісіз біреу спортшы Эльер Юнусметовті мылтықпен атып өлтірген. Кейін күдікті Абай даңғылында көлік ішінде ұсталды.
ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал тағы бір адам қылмыс туралы хабарламағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды.
Үкім әлі заңды күшіне енбеді.