Өскеменде әлеуметтік бағадағы көмір сатыла бастады

294
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Жауапты тұлғалар күзде кезек күтпес үшін тұрғындарды көмірді алдын ала сатып алуға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Облыс орталығында әлеуметтік бағадағы көмір 2007 жылдан бері сатылып келеді. Жыл сайын әкімдік пен біздің ұйым оны жеткізу үшін «Қаражыра» АҚ-мен меморандумға қол қояды, - деді «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы» төрағасы Олег Фролов.

Әлеуметтік көмірді алуға аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, тыл еңбеккерлері мен қала тұрғындарының басқа да санаттарына жататын азаматтар құқылы. Биыл әлеуметтік көмірдің тоннасы 15 300 теңге. Ал тауарлық көмірдің бағасы 15 800 теңгені құрайды.

- Күз мезгілінде әбігерге түспес үшін көмірді қазір сатып алған дұрыс. Себебі, ол уақытта  аудандардан да түрлі ұйымдар мен шаруа қожалықтары келеді. Ұзын-сонар кезек те осыдан пайда болады, - деп қосты Олег Фролов.  

Айта кету керек, әлеуметтік бағадағы көмірге өтінішті тұрғылықты мекенжай бойынша Аймақтық басқару орталығының филиалына (АБО) беруге болады.