Өскеменнің көркіне айналған Республика алаңындағы субұрқақ жаңа жұмыс тәртібімен қосылатын болды. Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевтың бастамасымен субұрқақтар сағат түнгі 23:00-ге дейін жұмыс атқарады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Ән салушы фонтанның жаңа графигі:
1) Бірінші қосылуы – сағат 20:00-ден 20:30-ға дейін, сағат 20:30-21:00 аралығында үзіліс;
2) Екінші қосылу – сағат 21:00-ден 21:30-ға дейін, сағат 21:30-22:00 аралығында үзіліс;
3) Үшінші қосылу – сағат 22:00-ден 22:20-ға дейін, сағат 22:20-22:40 аралығында үзіліс;
4) Соңғы қосылу – сағат 22:40-тан 23:00-ге дейін.