Облыс орталығында қауын мен қарбыз фестивалі өтеді. Ерекше мейрамды кез келген ерікті келіп атап өтуіне болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Шаһардағы кәсіпкерлік бөліміндегілер шара бағдарламасына байқаудың бірнеше түрі енетіндігін айтты. Мәселен солардың бірі бақшашы өсірген ең үлкен жидекті таңдау. Жарыстың басқа түрінде жеміс-жидекті жеушілер сынға түседі.
Түрлі ойындармен қатарласа қарбыз бен қауыннан жасалған бұйымдар көрмесі өткізіледі. Ұйымдастырушылар әрбір еріктіге өз күшін «Епті қарбыз» аталатын «Қарбыз дойбысына» қатысып көруге кеңес береді.
Ал шараның танымдық бөлімінде меймандар қауын мен қарбыздан қандай сусындар жасауға болатынын біле алады. Сондай-ақ карвинг бойынша өтетін шеберлік сағатын тамашалай алады. Яғни жемістер мен көкөністерді көркемдеп кесу бойынша түрлі қызықтар болады.
Аталған фестиваль тамыздың 28-і күні сағат 17:00-де Достық үйінің алаңында (бұрынғы металлургтер Мәдениет үйі) өтеді.
Нұрбек АСҚАРОВ