Өскеменде енді иттермен серуендейтін арнайы жерлер белгіленеді

390
көрілім

Шаһар басшысы қаланың әр ауданында бірнеше алаң жасауды тапсырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қалалық ТҮКШ мамандары арнайы жерлерді белгілеу керек. Тұрғындар сол жерде өздерінің иттерін серуендете алады.

Жақсылық Омардың сөзінше, бұл арқылы адамдарға да қауіп аз. Сонымен қатар саябақтар мен көшелер тазалықта болмақ. Мұндай орындар аса қажет.

Бұл жұмыс алдағы уақытта жүзеге аспақ. Ол үшін мәслихаттың кезекті отырысында депутаттар алаңдардың мекенжайын белгілеп,  жерлерді дайындайтын болады.