Анықталғандай, 13-ші шілдеде жүргізуші алкагольді ішімдік, ұйықтататын дәрі мен каннабиноид ішіп, көлік тізгініне отырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жүргізуші куәлігі болмады. Жол үстінде тізгінге ие бола алмай, басқа көлікпен соқтығысқан.
Сот жүргізушіні кінәлі деп тауып, 30 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.