Өскеменде ер адам бөтеннің көлігіне балтамен зақым келтірді

130
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Заң бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өскемен қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні ер адам мас күйде болып, біреудің көлігін балтамен әдейі зақымдаған. Жалпы шығын көлемі 453 855 теңгені құрайды. 
Сот ер адамды кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.